Ақтөбеде «Таныстыруға рұқсат етіңіз» акциясы өтуде

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті 15 мамыр мен 15 тамыз аралығында учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Таныстыруға рұқсат етіңіз» акциясын өткізуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ақтөбеде «Таныстыруға рұқсат етіңіз» акциясы өтуде

Акция өткізілген осы уақыт аралығында тұрмысы төмен 50 отбасы анықталып, есепке қойылса, көші-қон заңын бұзған 150-ден астам тұлға анықталған және олар көші-қон желісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шара барысында жалға берілетін пәтерлерге де басты назар аударылуда. Анықталған пәтерлер саны - 67. Ал жалға берушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін салық органдарына тиісті ақпараттар жолданады.

Сондай-ақ, акция аясында учаскелік полиция пунктерінде ІІО бөліністері басшыларының тұрғындарды қабылдауы ұйымдастырылуда.