Ақтөбеде тиым салынған әдіспен емдеген екі әйел қолға түсті

АҚТӨБЕ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында коттедждің жертөлесінде дәстүрлі емес емдеумен айналысқан екі әйелді ұстады.

Ақтөбеде тиым салынған әдіспен емдеген екі әйел қолға түсті

42 және 56 жастағы әйелдер халыққа 2008 жылы Алматы қалалық мамандандырылған сотының шешімімен тиым салынған «Алла-Аят» және «Фархат-ата» әдістерімен ем-дом жасаған.

Прокуратура дәрігерсымақ екі әйелге қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 374 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Аталмыш заңбұзушылық үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.