Ақтөбеде жалған лаңкес іздестірілуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Полицейлер бомба қойылды деген жалған ақпарат таратқан ақтөбелікті іздестіруде, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

"Жасырын хабарлама нәтижесінде Әбілқайыр хан даңғылы бойынша көп қабатты үйлердің бірінен 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру барысында күдік тудыратын ештеңе табылмады", - делінген баспасөз релизінде.

Қазір қоңырау шалған адамның кім екенін анықтау шаралары жүргізілуде. Бұл - жыл басынан бері екінші жалған қоңырау. Жалған бомба туралы хабарлаған 13 ақтөбеліктің жетеуі сотты болғанын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар