Ақтөбеде жаңа көтерме-бөлшек азық-түлік базары ашылды

АҚТӨБЕ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты өткен сенбіде Ақтөбенің 12-ші шағын ауданында «Аида» жаңа көтерме-бөлшек азық-түлік базары ашылды,


Ақтөбеде жаңа  көтерме-бөлшек азық-түлік базары ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Базардың ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов және қала әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Облыс басшысы сауда қатарын аралады, сатушылармен, сатып алушылармен әңгімелесті және бағаның арзандығын атап өтті. Қазіргідей қыстың соңында, 1 килә картоп 60 теңге болса, қырыққабат 50-55 теңге тұрады. Жәрмеңке туралы айтар болсақ, оған барлық аудандар мен облыс орталығынан 128 ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Әйтеке би, Алға, Қарғалы, Қобда аудандары мен Ақтөбенің тауар өндірушілері 1 тоннадан астам етті төмендетілген бағамен сатты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл күні 13,7 тонна ет, 3 тонна картоп, 6,7 тонна көкөніс өнімдері, 4,3 тонна балық және т.б. да азық-түлік өнімдері сатылды.