16:39, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ақтөбеде Жаңа жыл қарсаңындағы іс-шаралар өтуде
АҚТӨБЕ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде қаланы мерекелік безендіру, жаңажылдық шыршаларды орнату, көшелерді, даңғылдарды, үйлердің қасбеттері мен сөрелерді әрлендіру және жарықпен безендіру іс-шаралары аяқталуда.

Жаңа жылды мерекелеу жоспары туралы бүгін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова әңгімелеп берді.
Мереке және мереке қарсаңындағы күндері түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік маңызды және спорттық іс-шаралар өткізу көзделген.
Желтоқсанның 25-інде қалада жетім балаларға, мүгедек балаларға, әл-ауқаты төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған Президенттік шырша өтеді. Қала әкімінің «Әсем шырша шақырады» атты жетім балаларға арналған шыршасы «Мега» сауда ойын-сауық кешенінде өтеді. Қала әкімінің «Қыс ертегісі» атты мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған шыршасы қалалық Оқушылар сарайында өтеді.