Ақтөбеде жауынгер-интернационалистке Ауғанстандағы соғыстан кейін 26 жыл өткен соң орден берілді

Новороссийский ауданындағы «Копинский» кеңшарының жігіті бұл жауынгерлік орденмен қаһармандық пен ерлік танытқандығы үшін 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен марапатталған. Бірақ награда жауынгердің әскери қызметтен босатылып, туған жеріне оралуы себебімен берілген жоқ. Содан кейін КСРО ыдырады, одақтас республикалар егемендігін жариялады. Орден туралы ұзақ жылдар бойы ұмытылды.
26 жыл өткен соң награда өз қаһарманына жетті. Қазіргі уақытта ІІ топтағы мүгедек Артик Елкеев отбасымен бірге облыс орталығында тұрып жатыр.
Ауған соғысының қатысушысын бұл награданы алуымен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтады. Ол қаһарманға мықты денсаулық тіледі. «Өміріңізді тәуекелге байлап, жауынгерлік борышыңызды адал атқардыңыз. Ақтөбеліктер Сізді мақтан етеді», - деп атап өтті Бердібек Мәшбекұлы.