Ақтөбеде жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысты, жолаушы мерт болды

АҚТӨБЕ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Опель-Вектра» машинасының жүргізушісі жүк көлігіне соқтығысты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ақтөбеде жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысты, жолаушы мерт болды

Кеше таңғы сағат 5-те Курсанттық тас жолда Ақтөбе қаласынан Ясный кентіне бағыт алған «Opel-Аstra» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермей, алда келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты сақтамай, «Газ-53» көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік апатының салдарынан «Opel-Astra» көлігінің 22 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнына көз жұмды. Жүргізуші және тағы бір жолаушы - Қандыағаш қаласының 23 жастағы тұрғыны түрлі жарақаттармен Жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне және теміржол ауруханасына жеткізілді.

Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, сараптама қорытындысы бойынша жол апаты кезінде ол мас болмаған.

Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.