Ақтөбеде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің оңтайлы жүйесі қолданылуда
«Біздің қолымызда оларды кезектен тыс тұрғын үймен қамтамасыз етудің нөрмативті құжаттары жоқ, алайда біз бұл мәселені шешудің оңтайлы жолын таптық», - деді кеше облыс әкімі Елеусін Сағындықов тікелей эфир барысында жетім балаларды үймен қамтамасыз ету туралы сұраққа жауап қайтара отырып.
Балалар үйінің барлық түлектерінің бірдей өз үйі жоқ, олар балалар үйінен шыққаннан кейін 23 жасқа дейін жасөспірімдер үйінде тұрады, бірақ мұнда да орын шектеулі.
«Қала және облыс әкімі болып тұрған кезімде 50-ге тарта жетім балаларға үй алып беруге өз тарапымнан көмектестім, алайда бұл мәселені жүйелі арнаға түсіру керек», - деді әкім.
Елеусін Сағындықовтың айтуынша, биыл бизнестің, атқарушы биліктің және Тұрғынүйқұрылыс банкі басшылығының көмегімен жасөспірімдер үйінің алты тәрбиеленушісіне аталған банктен есепшоттар ашылды. Әзірше балалар өз еңбекақыларынан есепшоттарын толықтыруда, ал келесі жылы билік орындары қажетті қаржы 50 пайызға дейін толықтыруға көмектесер деп ойлаймын.
Тағы бір проблема - биыл жасөспірімдер үйінен тағы 14 бала шығады, бұл балалардың тұрғын үй мәселесін шешу мәселесі де жинақтау есепшоттарын ашу және бизнестің және жергілікті билік органдарының көмегі арқылы шешіледі, деп сендірді Елеусін Сағындықов.