Ақтөбеде жол апатынан 4 адам жапа шекті, араларында екі бала бар

АҚТӨБЕ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 4 адам зардап шекті.
None
None

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Хонда» көлігінің 63 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып, «Опельмен» бетпе-бет соқтығысқан.

«Опельдің» жолаушылары зардап шекті. Сүйегі сынған 2 жасар қыз және миы шайқалған бір жастағы сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Жабық бас сүйек жарақатын алған 19 және 23 жастағы бойжеткендерді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем қызметі ауруханасының нейрохириргиялық бөлімшесіне апарды. Бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар