Ақтөбеде жүк автокөліктерінің ірі контрабандасы анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің мамандары ірі экономикалық контрабанданы анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

«2011-2012 жылдар аралығында ҚР азаматтарымен жалған құжатарды пайдалану арқылы 18 жүк автокөлігі енгізілген. Аталған көліктердің нарықтағы орташа бағасы 212 млн. теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының бюджетіне төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түрінде келтірілген залал сомасы автокөлік мәліметтері бойынша 90-нан 135 млн. теңгені құрады.

Аталған әрекеттер автокөлік құралдары шін жалған құжаттар жасауға маманданған қылмыстық топпен жасалған. КБД олардың Кедендік одақтың кедендік заңнамасын бұзған және кедендік төлемдерді төлеуден жалтарып келген деген сенімде.

Аталған фактілер бойынша, ҚР ҚК 209-бабының 2-тармағы - «экономикалық контрабанда» бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар