Ақтөбеде зорлық-зомбылыққа тап болғандар үшін анонимдік клуб ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз» атты акция өтіп жатыр, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Осы күндері қалада мобильді консультациялық топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр, оған қоса «Үміт» күйзеліс орталығымен полиция қызметкерлері бірлесіп осы аталмыш шараны іске асырып отыр.

Акцияның басынан тұрғылықты жер бойынша «жанжалқой отбасы» ретінде есепте тұрған 47 отбасы тексерілді.

Сонымен қатар Ақтөбеде зорлық-зомбылық көрген әйелдерге психологиялық тұрғыдан көмек көрсететін клуб ашылды.

Жылдың басынан бастап ақтөбелік әйелдерге 1197 рет жәбір көрсетілген, оның ішіндегі 85-і отбасылық жағдайда. Құқығын шектеу бойынша 721 шағым мен арыз қаралды.

Соңғы жаңалықтар
telegram