18:16, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Ақтөбедегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері БҚО-да зардап шеккендердің есепшотына 500 мың теңге аударды
АҚТӨБЕ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан халқының жағдайы ешкімді де бей-жай күйде қалдырмады.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкерлері «Нұр Отан» ХДП филиалының көмек қолын созу туралы шақыруына қолдау білдірді.
Ұжымның жиналысында отандастарымызға қиын уақытта көмек көрсетіп, материалдық қолдау білдіру туралы шешім қабылданды. Ақтөбелік санитарлық қадағалау комитетінің қызметкерлері зардап шеккендердің қорына өздерінің бір күнгі жалақысын, жалпы алғанда 502 531 мың теңге аударды.