Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбедегі сауда үйлерінің бірінен бомба іздеп жатыр

АҚТӨБЕ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласындағы сауда үйлерінің бірінен полиция қызметкерлері бомба іздеуде.

Ақтөбедегі сауда үйлерінің бірінен бомба іздеп жатыр

Бұл хабарлама түс кезінде алынған.

Полиция бөлімшесіне «Астана» сауда үйінің сатушысы хабарласқан. Ол өзінің ұялы телефонына белгісіз біреу сауда үйіне бомба қойылғаны жайында хабарлама жібергенін айтқан.

Оқиға орнына қаланың барлық жедел қызметінің өкілдері келген, сауда үйінің қызметкерлері мен келушілері тез арада қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Қазіргі уақытта сауда үйінде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кинологтар жұмыс істеуде.