Ақтөбелік 5 жасар Темірлан Сәндібаевтың көз жұмуына оның қатты тоңуы себеп болған - ІІД

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ІІД-інде денесі осы өңірдегі өзеннен табылған 5 жасар Темірлан Сәндібаевқа қатысты сот-медициналық сараптаманың нәтижелерін хабарлады.
None
None

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Сәндібаев Темірланның оның денесі табылған күннен 10-13 тәулік бұрын қаза тапқаны анықталды.

«Оның көз жұмуына ауа температурасының төмендеуі салдарынан қатты тоңуы себеп болған. Сот-медицналық сараптама кезінде Темірланның денесінен қандай да бір сыртқы, сүйектің сынуы мен жарақаттану іздері табылған жоқ», - делінген хабарламада.

Тағайындалған сот-биологиялық сараптама нәтижелері баланың киімінде қан іздері болмағанын да нақтылады.

Соңғы жаңалықтар