Ақтөбелік азамат 6 грамм героинмен ұсталды

Сәуір айында полицейлерге есірткі сатқаны үшін бұрын сотталған 34 жастағы ер адамның бұл ісіне қайта кіріскені туралы ақпарат келіп түскен. Жедел аңду бұл ақпараттың рас екенін дәлелдеді. Бір ай бойы тәртіп сақшылары «бақылаулық сатып алуларды» өткізіп, оның қылмыстық қызметін құжаттандырып отырды.
Ер азамат есірткіні кезекті сату барысында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан шамамен 2 грамм героин анықталып, тәркіленді. «Спутник» ауданындағы пәтерін санкцияланған тексеру кезінде тағы 1 грамнан астам героин анықталып, тәркіленді. Сондай-ақ сіріңке қорапшасынан шприцтер мен марихуана табылған. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы шамамен 6 грамды құрады.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабы («Есірткілік заттарды сату») бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Бұл ер адам осындай қылмысты жасағаны үшін түрмеден 2010 жылы шыққан еді.