Ақтөбелік депутат Асхат Шахаров БҚО аудандарының бірінің әкімі болып тағайындалды
АҚТӨБЕ. 2 қараша. ҚазАқпарат - Облыстық мәслихаттың депутаты Асхат Шахаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өзінің өкілетті жұмысын мерзімінен бұрын тоқтатты. А.Шахаров Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 16-сессиясында белгілі болды.
Депутаттар А.Шахаровты құттықтап, оған жаңа қызметте жемісті еңбек етуді тіледі. Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова депутатқа құрмет грамотасын тапсырып, мәслихат құрамында болған екі жылдық қызметі жайлы фотоальбомды табыс етті.
А.Шахаров облыстық мәслихатқа # 12 сайлау округінен сайланған болатын.