Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбелік депутаттар облыстың 2013-2015 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізді

АҚТӨБЕ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін облыс мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясында 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақтөбелік депутаттар облыстың 2013-2015 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізді

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ғани Тасмағанбетовтың сөзіне қарағанда, 2013 жылдың басында 1,7 млрд. теңге сомасында бюджеттік қалдық пайда болды.

Бұл қаражатты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша үйлестіру шешімі қабылданды. Атап айтқанда, С. Баишев атындағы кітапхананың және Көркем сәндік-қолданбалы өнер мұражайын күрделі жөндеуге, Ақтөбеден шыға берісте АЗФ аумағында жол өтпесін салуға, медициналық колледж жатақханасын күрделі жөндеуге, «Авиатор» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға, Шалқар ауданының Қотыртас ауылына газ құбырын тартуды аяқтауға жұмсалатын болады.