Ақтөбелік қаңғыбас орталық базарда шұлық ұрлағаны үшін ұсталды
АҚТӨБЕ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен сенбіде қалта ұрлықтарына қарсы әрекеттер бойынша жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде полицейлер 17 жұп шұлық ұрлау фактісін ашты.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шамамен сағат 14:00-де қалалық орталық базарда тәртіп сақшылары анықталған мекен-жайы жоқ, сөреден 17 жұп шұлық ұрлаған 44 жастағы ер адамды ұстады.
Күдіктінің айтуынша, ұрлаған заттарын ол басқа тұлғаларға сатпақшы болды.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 175 бабымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.