Ақтөбелік мектеп оқушылары ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне экскурсия жасады

АҚТӨБЕ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 25-27 сәуір аралығында «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» атты акция болып өтті.

Ақтөбелік мектеп оқушылары ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне экскурсия жасады

Оның барысында 10 қалалық мектептің 253 оқушысы полиция қызметкерлерімен бірге облыстың ішкі істер органдары мен ІІД-нің арнайы мекемелеріне, № 6655 әскери бөліміне, кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімдеу орталығына барды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімдеу орталығында балалар ондағы жасөспірімдердің тұруы және оларды күту жағдайларымен танысып өтіп, кәмелеттік жасқа толмағандарды жазалау шаралары туралы білді.

Сондай-ақ мектеп оқушылары ІІД-нің мұражайларында болып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерінің өмірбаяндарымен танысты, ІІД-нің ардагерлері, соның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы ақпаратқа қанықты.