15:59, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Ақтөбелік оқушыларды математика мен шахматқа баулып жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2012 жылдан Ақтөбе облысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру бойынша жоба жүзеге асуда. Сонымен бірге мектептерде шахмат бойынша сабақтар енгізілуде.

Бұл туралы білім беру басқармасының басшысы Жанат Самұратова тамыз конференциясы барысында мәлімдеді.
- Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру бойынша жоба тәлімгерлердің математика бойынша білімдерінің таяз болуынан қабылданған. Қолға алынған шара оң нәтижесін беруде. Мәселен 2011 жылы оқушылар орта есеппен алғанда 11,5 ұпай, 2012 жылы -12,6, 2013 жылы 14,8 ұпай жинаған. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, - деді Ж.Самұратова.
Шахмат ойындары да мектептерге сәтті енгізілуде. Ж.Самұратованың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта спорттың бұл интеллектуалды түрімен 11 мың оқушы айналысады.
-Математика мен шахматтар оқушылардың стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі, - деп түйді ол.