Ақтөбелік полицейлер азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуылды ашты

АҚТӨБЕ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік полицейлер шілденің 17-сінде Сәтбаев көшесінде орналасқан азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуылды ашты. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбелік полицейлер азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуылды ашты

Полицейлердің айтуынша, таңғы сағат алтылардың шамасында «102» телефонына белгісіз азаматша қоңырау шалды. Оның мәлімдеуінше, түнгі екі кезінде оның дүкеніне бетперде киген белгісіз азаматтар басып кіріп, 35 мың теңге, ұялы телефон мен азық-түліктерді алып кетті. Келтірілген шығын 70 мың теңгені құрады.

Осы факті бойынша із кескен полицейлер Ақтөбе қаласының Махамбетов ауданында күдікті азаматтарды қолға түсірді. Олар 20-25 жастардағы жас жігіттер болып шықты. Тергеу алды тексеріс барысында анықталғаны, зардап шеккен азаматша олардың бірін танитын болып шығып, ол оқиға орнынан ізін суытқан екен.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК «Қарақшылық» 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер тұтқынға алынды.