Ақтөбелік прокурорлар 1,2 млрд теңгенің шығынын қайтарды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Бүгін облыстық прокуратурада 2008 жылдың жұмыс қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жалпы алғанда, өткен жыл ішінде облыс прокурорлары әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша 989 тексеріс жүргізіп, соның барысында 2015 заң бұзушылықты анықтаған. Тексеру қортындысы бойынша шаралар қолданылып, 722 іске заң бұзушылықты болдырмау жөнінде ұсыныс жасалды, 277 наразылық қанағаттандырылды, прокурорлық жедел үн қосу шаралары бойынша 800 заңсыз акті тоқтатылды немесе өзгертілді, сондай-ақ, 1225 тұлға әртүрлі жауапкершілік шараларына тартылды.Прокурорлық қадағалау актілері бойынша нақты 1,299 млрд. теңгенің шығыны қайтарылды, сот прокурор тарапынан жасалған мүліктік емес сипаттағы 17 арызды, сондай-ақ, жалпы сомасы 52 млн. теңге болатын азаматтық істер жөніндегі 22 талап арызды қанағаттандырды. 8 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқы қорғалды. Дөң кен байыту комбинатына жасалған тексеріс барысында ондағы 2600 қазақстандықтың азаматтық құқы қорғалып, оларға тиесілі 3 млн. теңге зиян өтелді.
Соңғы жаңалықтар