Ақтөбелік режиссердің фильмі ресейлік фестивальдің бас жүлдесін иеленді

АҚТӨБЕ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбелік режиссер Серік Айжановтың «Өмір сүруге тыйым» картинасы ойнақы фильмдердің Бүкілресейлік «Вяткадағы кездесулер» 6-шы фестивалінде бас жүлдеге ие болды,

Ақтөбелік режиссердің фильмі ресейлік фестивальдің бас жүлдесін иеленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына Ресей, Украина және Балтық бойы елдерінің 42 аймағынан 70-тен астам фильм қатыстырылды. Бұл картинаның ерекшелігі, Василь Быковтың «Сотников» деген әңгімесінің желісімен Ақтөбе облысында түсірілген, ондағы рөлдердің барлығында әуесқой әртістер ойнайды. Фильмнің режиссері, сценарий авторы және операторы ? бір адам, «Патриот-Sinema» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Серік Айжанов. Қазылар алқасы қазақстандық жалғыз картинаны жоғары бағалап, оған кинофестивальдің бас жүлдесін - «Алтын лада» мүсіншесі мен бірінші дәрежелі диплом беруге бірауыздан шешім қабылдады.