Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбелік түлекке «Алтын белгі» үшін көлік мінгізілді

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - «Жас түлек - 2012» фестивалінде ақтөбелік оқушы, «Алтын белгі» иегері Абылай Әлмұхановқа «ВАЗ-21115» автокөлігі табыс етілді.

Ақтөбелік түлекке «Алтын белгі» үшін көлік мінгізілді

Бұл туралы «Айқын» газеті өзінің бүгінгі санында облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Абылай Әлмұханов Ақтөбе қаласындағы №37 мектептің түлегі, Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балла алды. Жас талапкер облыстық және республикалық пәндер олимпиадаларының жүлдегері. Ақтөбе өңірінде ғана емес, республика бойынша үздік көрсеткішке жеткен Абылай, жоғары балл алып қана қоймай, озық білімнің арқасында бір демде көлік те мініп алды.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, ҰБТ нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы республикада Алматыдан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Ал нақты айтар болсақ, облыстағы мектеп бітірушілердің орташа көрсеткіші 78,7 балды құрады.