Ақтөбелік түлектер ҰБТ-ның алғашқы күні орташа есеппен алғанда 76,8 балл жинады

АҚТӨБЕ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні ақтөбелік түлектер орташа есеппен алғанда 76,8 ұпай жинаған.

Ақтөбелік түлектер ҰБТ-ның алғашқы күні орташа есеппен  алғанда 76,8 балл жинады

Кеше үш жоғары оқу орнының қабырғасында Ақтөбе қаласының, Мәртөк, Алға, Қарғалы аудандарының, Алға балалар үйінің, Есет батыр атындағы мектеп-интернаттың 1071 оқушысы бақтарын сынады.

Бүгін аймақтың қалған 9 ауданындағы мектеп бітірушілер тест сауалдарына жауап беруде.

Облыстық білім беру басқармасы бөлімінің жетекшісі Гүлжан Құлыбекованың айтуынша, ҰБТ-ның алғашқы күніне «Алтын белгіге» үміткер 63 оқушы қатысса, олардың 19-ы ғана (30 пайызы) білімдерін дәлелдеген.

Жалпы биылғы оқу жылында Ақтөбе облысында 284 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып отыр.