20:28, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақтөбеліктер израильдік тәжірибені қолданбақ
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбеліктер жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруде әлемдік тәжірибені зерделеуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ақтөбенің айналасында азық-түлік белдеуін құру мәселелері әкімдікте қаралды. Мысалы, өткен жылы Қарғалы ауданында «Ильмарк Групп ЛТД» компаниясының технологиясымен тамшылатып суару бойынша израильдік тәжірибе енгізілген болатын және ол сынақтан одағыдай өтті. Әкелінген тұқымның сапасыздығына қарамастан әр гектарынан 200 центнерден өнім жинаған. «Ильмарк Групп ЛТД» израильдік компаниясының директоры Илья Азарьев бірқатар жобаларды Ақтөбенің аудандарында жүзеге асырғысы келетінін атап өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ізбақ Өмірзақов облыс үшін айтарлықтай экономикалық тиімділік беретін бірлескен жобаны жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге уәде етті.