Ақтөбеліктердің 1 млн. теңгеден астам қаражатын қымқырған 65 жастағы әйел ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қала тұрғындарын алдап, олардың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам қаражатын жымқырған 65 жастағы әйел адам ұсталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ақтөбеліктердің 1 млн. теңгеден астам қаражатын қымқырған 65 жастағы әйел ұсталды

«19 қыркүйек күні Сазды полициясы бөлімінің кезекші бөлімшесіне 54 жастағы әйел адам арызданып, өткен жылдың мамыр айында аса танымайтын әйелдің алдап-арбап, оның 500 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып кеткенін хабарлаған. Ол бұл азаматшаға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесуге уәде берген», - делінген хабарламада. Дәл сол күні кезекші бөлімге Ақтөбенің 31 жастағы тұрғыны әйел адам келіп, белгісіз бір әйелдің 2013 жылдың мауысымында мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесемін деп оның 575 мың теңге және 700 доллар көлеміндегі ақшасын алып кеткенін айтып шағымданған. Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде 65 жастағы әйел адамды ұстады. Ол өзінің қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта одан ешқайда кетпеуі жайлы қолхат алынып, «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.