Ақтөбенің учаскелік полиция инспекторлары 13 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырды

АҚТӨБЕ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2010 жылы Ақтөбенің учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты 13 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырды. Полицейлер тарапынан 12 миллионнан астап айып салынды.

Ақтөбенің учаскелік полиция инспекторлары 13 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырды

Қалалық әкімдікте өткізілген кеңес барысында Ақтөбе қалалық ІІБ бастығының орынбасары Қанат Әлиев хабарлағандай, полицейлер өз жұмыстарының белсенділігін елеулі түрде арттырды. Мәселен, 2010 жылы отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы тәртіп бұзушылықтарға қатысты учаскелік полицейлер жауапкершілікке 1 406 ақтөбелікті тартты, 2009 жылы ол сан барлығы 687 адамды құраған еді. ҚР Әкімшілік кодексінің 336-бабы - «қоғамдық орында спиртті ішімдіктер ішкені үшін» 4 034 құқық бұзушы жауапқа тартылды, ал 2009 жылы 2 800 адам болды, 387-бап - «қаланы абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша 1443 құқық бұзушы жауапқа тартылды, 2009 жылы ол көрсеткіш 701 адамды құрапты.

Учаскелік полиция инспекторларының қызметіндегі ең көкейкесті мәселелердің бірі тұрмыстық маскүнемдік, осы бағыттағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар болып отыр. 2010 жылы полицейлер тарапынан мәжбүрлеп емделуге ішкі істер органдарында есепте тұрған 230 маскүнем жіберілді, 2009 жылы олардың саны 221 адам болыпты.

Ақтөбе қаласының жер аумағында барлығы 4 аймақтық және 17 учаскелік полиция тірегі жұмыс жасайды, бұл жерлерде 114 учаскелік полиция инспекторы мен 23 көмекші жемісті қызмет атқаруда.