Ақтөбенің вокзал маңындағы алаңда қарақшылық жасаған 29 жастағы шалқарлық азамат ұсталды
АҚТӨБЕ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні полиция қызметіне бір әйел хабарласып, вокзал маңындағы алаңда белгісіз біреулер ер адамның жолдорбасын ашық түрде ұрлағанын айтты.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдорбаның ішінде нетбук, фотоаппараттардың объективтері, германиялық екі азаматтың құжаттарының ксерокөшірмелері болды.
Оқиға орнына мамандандырылған қызметтік күзет басқармасының жасағы жіберілді. Көп ұзамай олар күдікті азаматты ұстады. Ол Шалқар ауданындағы Қайыр кентінде тұратын 29 жастағы азамат болып шықты. Бұған дейін ол бірқатар ұрлықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.
Айғақ дәлелдер алынды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілу үстінде.