Ақтоғай ауылында су құбыры салынып жатыр - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылында су құбырының құрылысы басталды,
None
None

деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Су жерасты горизонттарынан құбыр жүйелері арқылы тарайтын болады. «Азимут» АҚ төрт ұңғыманың біреуін қазып қойған, сорғыш стансы, сыйымдылығы 500 текше метр резервуар салынады.

Ауылдағы су құбырының құрылысы үш жылға есептелген. Оның салынуы үшін республикалық бюджеттен 600 млн. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар