13:18, 06 Шілде 2010 | GMT +5
Ақтоғайда «Жол картасы» бойынша балабақшаларды, мектептер, ауруханалар мен жолдар жөнделуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы «Жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы сәтті өтуде.

Бұл жерде «Әйгөлек» бала-бақшасы, аурухана, ауыл мектебі жөндеуден өткізіліп, саябақтар мен көшелер абаттандырылып, Ленинский - Ертіс - Русская поляна жолы қайта жөндеуден өткізілуде. Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша ауданда 74 млн. теңге игеріледі.
«Жол картасы» нысандары бойынша жұмыссыздар үшін 258 жұмыс орны ашылады, олардың 30-ы кәсіби курстардан оқыды, деп хабарлады аудан әкімдігінде.