Акция: Алматы тұрғындары жылу мен ыстық суға қарызын өсімпұлсыз өтей алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 1 тамыздан бастап тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау бойынша қарызын өсімпұлсыз өтей алады. 

Акция: Алматы тұрғындары жылу мен ыстық суға қарызын өсімпұлсыз өтей алады
Фото: Pixabay.com

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акцияның басталатынын хабарлады. Бастама жылу және ыстық су үшін берешегін өтеуге ниетті тұтынушыларға айыппұлсыз төлеуге мүмкіндік береді. 

Науқан 2025 жылы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Бастама өсімпұл төлемеу, мүлікке қойылған шектеулер мен тыйымдарды алып тастау, қарызы үшін санкция салынған борышкерлердің банк шоттарын бұғаттан шығаруға мүмкіндік береді. 

Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы мәліметті келесі нөмер және мекенжайлардан алуға болады: 

* «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» шағын ауданы, 51-Б; телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;

* «Орталық» ТҚКО (Алмалы, Бостандық аудандары) – Ш.Шөкин көшесі, 221-В; телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;

* «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Төлебаев көшесі, 26; телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

– Қарыз төленбеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сомасы сот арқылы өндіріледі, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Еске салайық, бұған дейін жылуға алматылықтардың шоты бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынып жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар