Аквариумдағы балықты өлтіргені үшін 120 күнге түрмеге отырғызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Коннектикут штатының тұрғыны Хуан Вега аквариумдағы балықты өлтіргені үшін 120 күнге түрмеге отырғызылды.
None
None

Мәлім болғандай, 2017 жылғы сәуірде ер адам өзімен бірге тұратын әйелмен керісіп, үй ішіндегі заттарды қиратады. Оның қолына аквариумдағы балық та түсіп қалған.

Жанжал кезінде балық қақ бөлінген. Сол кезде әйелдің үйде  болған  тоғыз жастағы ұлы ұрыс-керіс  біткенде оның өліп қалғанын көргенін айтып берді.

Прокурордың атап өтуінше, су жануарын өлтіру оқиғасы баланың жанын жаралаған.

Енді ашуға ерік берген әлгі азамат 120 күнін темір тордың ар жағында өткізетін болды.

Соңғы жаңалықтар