15:46, 30 Мамыр 2013 | GMT +5
Ақылы жолдарды күтіп-ұстауға 40-50 млрд. теңге қажет - Автомобиль жолдары комитеті
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта бізге ақылы автожолдарды күтіп-ұстауға 40-50 млрд. теңгеге жуық қаражат қажет болады.

Бұл туралы бүгін «Астана - Бурабай» автобанының ақылы жүйесін таныстыру шарасы барысында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов мәлім етті.
Комитет төрағасы атап көрсеткендей, ағымдағы жылы «Астана - Қарағанды» және «Алматы - Қапшағай» жолдарының құрылысы басталса, келесі жылда «Астана - Павлодар» автожолын салу жұмыстары қолға алынады. «Осының барлығын күтіп-ұстауға 40-50 млрд. теңгедей ақша қажет болады», - дейді З.Сағынов. Оның айтуынша, бүгінде көлік салығынан түсетін қаражаттың жалпы соммасы 30 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл қаржы жолдарды күтіп-ұстауға жеткіліксіз. Сол себепті қалған 10-20 млрд. теңгені автожолдардың ақылы жүйелері арқылы жинау жоспарланған.