Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақын Ф. Оңғарсынова және депутат Б. Тілеухан өздерінің жетістік формулаларымен бөлісті

АНА. 1 ақпан. ҚазАпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жетістік формуласы» атты шара аясында еліміздің көрнекті қоғам қайраткерлері студент жастармен кездесті.

Ақын Ф. Оңғарсынова және депутат Б. Тілеухан өздерінің жетістік формулаларымен бөлісті

Жүздесуде өздерінің «жетістік формулаларымен» белгілі ақын Фариза Оңғарсынова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бөлісті.

Қазақстанның 20 жылдығын мерекелеу аясында «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылып отырған шараның басты мақсаты - жас өскін буын үшін Қазақстан елдігі, тәуелсіздігі және дамуы негізгі мақсат болуы тиіс екендігін түсіндіру.

«Шараның негізгі ойы - жас буын өкілдерінің аға буын тәжірибесін қолдана отырып, жетістікке неғұрлым тиімді әрі жылдам жетулеріне жол ашу. Жоғары биіктерге жеткен белгілі бір тұлғаны үлгіге ала отырып, ол адамның сол жетістіктерге қол жеткізуіне қандай принциптер, қандай ішкі қасиеттер көмектескендігімен бөлісу»,-дейді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев.

Оның айтуынша, осындай кездесулер арқылы жастар қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер саласындағы белгілі тұлғалардың осынау жетістіктіерін бағындыру олардың қолынан келетін іс екендігінен ұғынады.

«Әрбір жас келешекте үлкен жетістіктерге жете алады. Тек жеке мақсаттан тыс, аса жоғары мүдделерді көздесе ғана. Әрбіріміз үшін ондай мүдделер еліміздің өркендеуі, халқымыздың өркендеуі болуы тиіс»,-деп атап көрсетті ол.

«Жетістік формуласы» шарасы аясындағы кездесулер топтамасы жылдың аяғына дейін, Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.