«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы құстардың өліміне байланысты зерттеу нәтижесі шықты

АТЫРАУ. KAZINFORM – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында өлі күйінде табылған құстардан жұқпалы ауру белгілері анықталмаған.  

құстар
Фото: Қанатбек Кенжеғұлов

– 2025 жылы 20 шілдеде Шалыга аралында табылған 3 өлі шағала құстарының үлгісін Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жолданып, зертханалық талдау жүргізілді. 22.07.2025 ж. №1-S25W-181/B- -02-01 хаттамасына сәйкес, жұқпалы ауру белгілері анықталмады, - делінген хабарламада.

23 шілдеде резерват мамандары және уәкілетті органдар бірлесіп, құс өлекселерін ветеринариялық тәртіппен жойды. 

Құстарға қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатыр. 

Бұған дейін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құстардың неден қырылғаны анықталып жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар