Ақжайық ауданында «Сұлулық салоны» ашылды

ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы орталығында «Сұлулық салоны» ашылды.
None
None

Бұл - аудан орталығындағы тұңғыш осындай нысан. Иесі - жас отбасының отанасы Эльмира Қанатқызы сәндеуші мен екі шаштаразды жұмысқа тартқан. Олар өз істерінің нәтижелі боларына сенімді.

Нысанның ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Нариман Төреғалиев ауыл-аймақта кәсіпкерлікке ден қойған жастардың саны көбейіп келе жатқанын атап көрсетті.

Жалпы, аудандағы 40938 тұрғынның 11057-і (27 пайызы) - жастар. Бұл, әрине, зор күш. Қазір 733 қыз-жігіт жұмыс іздеушілер қатарында болса, соның 43-і жұмыссыз болып ресми тіркелген. Биыл 49 жас кәсіби оқуға, біліктілігін арттыруға жолданып, тұрақты және маусымдық жұмысқа 23-і орналасты. «Жастар тәжірибесіне» тартылған 202 қыз-жігіттің 38-і тұрақты қызметке кірді, әлеуметтік жұмыс орындарына 27 жас тұрды.

Ауданда несие серіктестіктерін басқаратын Нұрлыбек Сағынғалиев (Алғабас), Нұрлан Қапышев (Жайық), Әділ Бақтығалиев (Чапаев) сынды жас еңбеккерлер баршылық.

Соңғы жаңалықтар