Ақжайық ауданында жасы жүзден асқан төрт тұрғын есепке алынды

ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында жасы жүзден асқан төрт тұрғын есепке алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Болдырев елді мекеніндегі Ұлы Отан соғысының ардагері, кезінде мал бағып, аянбай еңбек еткен Қайырғали Ғилажев ? тамырын тереңге жайып отырған жан. Алдағы мамыр айында 105 жасқа толатын ақсақалдың төрт-төрттен немере-шөбересі, жиырма сегіз жиені, алты жиеншары бар екен. Сондай-ақ осы аудандағы Жайық ауылдық округінен Қапиза Ахметова, Базаршоланнан Жұмагүл Абдулкаримова, Алғабастан Хиуаз Ғабдушева да ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешіп келеді.
Соңғы жаңалықтар