Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ақжайық» екінші ойынында да жеңіске жетті

ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» екінші ойынында да жеңіске жетті,

«Ақжайық» екінші ойынында да жеңіске жетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екібастұзда жергілікті «Екібастұзбен» ойнаған оралдықтар 2:0 есебімен басым түсті. Бірінші ойында («Намыс» - «Ақжайық» - 2:3) Алексей Мальцев (екі рет) пен Руслан Хайыров мергендік танытса, бұл жолы Эльдар Абдрахманов пен команданың ең тәжірибелі футболшысы Артур Авакянц көзге түсті. Екі турдан кейін алты ұпаймен «Ақжайық», «Сұңқар» (Алматы облысы, Қарасай), «Іле-Сәулет» (Іле ауданы), «Қайрат» (Алматы), «Спартак» (Семей) командаларымен бірге көш бастады. Келесі кездесулерін батысқазақстандықтар өз алаңында мамырдың 13-інде «Гефест» (Қарағанды), мамырдың 16-сында «Болат-АМТ» (Теміртау) командаларымен өткізеді.