«Ақжайық» ФК қаржылық проблемаларға байланысты бас жаттықтырушысыз қалды

Бул туралы Vesti.kz . хабарлап отыр.
Бар гәп оралдық клубтың қаржылық мәселелеріне тірелген. Биылғы маусымда ойыншылар мен тренерлік штаб қолдарына жалақыларын алмаған. «Мен бұл жағдайдан әбден мезі болғандықтан, кету туралы өтініш жаздым. Жуырда мәслихаттың сессиясы өтуі тиіс болатын, онда біздің қаржыландыру мәселеміз шешілуі мүмкін еді. Бірақ оны тағы да кейінге қалдырды. Сондықтан мен арыз жаздым. Мен ғана емес, менің көмекшім де жұмыстан кетеді», - деді Vesti.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында П. Галстян.
Еске сала кетейік, П. Галстян «Ақжайықтың» басшылығына чемпионаттың басталуына бірнеше күн қалғанда келді. Оралдықтар премьер-лигада ресейлік маманның қарамағында оң нәтижелерге қол жеткізді. Алайда ойыншылар мен қызметкерлер алдында қаржылық міндеттерді орындамағаны үшін 6 ұпайдан айырылды.