«Ақжайық» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, УЕФА Pro санаты бар маман командаға таныстырылды.
Игорь Иванович бапкерлік мансабын 1990 жылы бастады. Әр жылдары «Ақтөбе» футбол клубының жастарын, «Ақтөбе-Жас» командасын жаттықтырды. 2012 жылы Қазақстан U-17 құрамасы бапкерінің ассистенті болды. 2013-2014 жылдары «Каспий» ФК бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Ақтөбе» ФК-да екінші бапкер, облыстық спортқа дарынды балаларға арналған арнайы футбол мектебінің директоры, «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы болды.
Екі мәрте бірінші лига жеңімпазы атанған бапкер сонымен қатар жастар командалары арасында ел бірііншілігін бес рет ұтып алған. Дидар Жалмұқан, Әділхан Таңжарықов, Мұхамед Тамабай, Игорь Трофимец, Абылай Тотай сынды белді ойыншылар Игорь Прохницкийдің қол астында жаттыққан.
«Ақжайықтың» өткен маусымда бірінші лигаға түсіп қалғаны белгілі. Биыл премьер-лигаға қайта оралуды мақсат тұтқан клуб негізінен жергілікті ойыншыларға үміт артып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық футболшының «Ақжайықтан» «Қызылжарға» ауысқанын жазған болатынбыз.
Фото - «Ақжайық» футбол клубы.