«Ақжайық» өз алаңында «Тараздан» ұтылып қалды

ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» мамырдың 25-інде өз алаңында «Таразды» қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші таймда 38-минутта «Ақжайықтың» мерген ойыншысы, ганалық Саки Мозес есеп ашты. Нағыз «қызық» екінші таймның аяғына таман басталды. Алаң иелерінің қақпасы алдындағы қарбалас сәтті Ұлан Қонысбаев пайдаланып, 79-минутта есепті теңестірді. «Ақжайықтың» орталық қорғанысы сыр беріп, екінші таймда алаңға шыққан Антон Землянухин 82-минутта қонақтарды алға шығарды. Бір минуттан кейін оралдықтардан тағы бір легионер Дмитрий Козлов есепті теңестіргенімен, 87-минутта Дмитрий Евстигнеев «Таразға» жеңіс әперді. Сөйтіп ойын 2:3 есебімен аяқталды.

Сонымен, ресейлік бапкер Дмитрий Чернышов жаттықтыратын «Ақжайық» осымен екінші рет өз алаңында бірінші таймдағы басымдылығын сақтап тұра алмады (бұдан бұрын «Қайратпен» 2:2 есебімен тең ойнаған болатын). Бұл олардың ойын соңына таман шаршап қалатындығын, жаттықтырушылардың тактикалық қателікке бой алдыратындығын көрсетеді. Өткен жылы команда капитаны болған тәжірибелі қорғаушы Абай Аманбаевқа алаңнан неге орын табылмай отырғаны да түсініксіз болып қалуда.

Соңғы жаңалықтар