«Ақжайық» спорт клубында Наурыз мейрамы аталып өтіліп, үздік спортшылар марапатталды

ОРАЛ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы «Ақжайық» спорт клубында «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді,

«Ақжайық» спорт клубында Наурыз мейрамы   аталып өтіліп, үздік спортшылар марапатталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Спортшыларды облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастығы Қоныс Жетпісов құттықтап, клуб директоры Ерген Орынбасаров допты хоккейден Қазақстанның ІІ қысқы спартакиадасында бірінші, ел кубогінде екінші орын алған хоккейшілер мен бапкерлерді алғысхатпен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шара барысында клубқа қарасты мекемелер өзара сынға түсті. Келін түсіру, сәбиді бесікке салу, тұсау кесу секілді жоралғыларды «Орталық базар» командасы сәтті жасаса, «Жастар» мен Зачаган кенті стадиондарының қызметкерлері «халық дәстүрі» мен «ерекше өнер» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. «Автокөлік және әмбебап базары» командасы «Наурыз дәмі» мен «білегі күшті, ойы ұшқыр» аталымдарына лайық екендігін дәлелдеді.