«Ақжайық» табиғи резерваты Атырау облысы әкімдігінің балансына беріле ме

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватын Атырау облысының әкімдігі балансына беру үшін республикалық маңызы бар санатынан мәртебесін төмендетіп жергілікті маңызы бар санатына ауыстыруды талап етеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде және Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 14-бабының, 6-тармағына сәйкес «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді», - делінген Роман Склярдің жауабында.
Үкімет басшысы бірінші орынбасарының дерегінше, «Ақжайық» резерватына 2023-2027 жылға материалдық техникалық базасын жақсартуға 975 760 мың теңге қаражат қарастырылған.
Оның ішінде 2023 жылға – 303 943 мың теңге, 2024 жылға – 150 356 мың теңге, 2025 жылға – 150 356 мың теңге, 2026 жылға – 150 698 мың теңге, 2027 жылға 220 407 мың теңге көзделген.