Ақжайықта «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес көпбейінді емхана салынуда

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-дағы Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында ауысымына 250 адам қабылдайтын көпбейінді емхана құрылысы басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Абай Иманғалиевтің айтуынша, жаңа емхананың салынуына байланысты дәрігерлерге арналған бес тұрғын үй салу да жоспарда тұр. Жалпы, Елбасы тапсырмасына сәйкес ауданда медицина саласына барынша көңіл бөлінуде. Тайпақ ауылындағы аурухана 238 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа заманғы медициналық құрал-жабдық алынуда. Аудан орталығында науқастарға барлық жағдай жасалған жаңа туберкулез ауруханасы жұмыс істеп тұр. Медицина мекемелерін құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен қамтуға 2008 жылы 60,9 млн. теңге қаражат жұмсалып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға артты. Ақсуат, Жанама ауылдарындағы медицина мекемелерін күрделі жөндеу аяқталды. Биыл Базартөбе ауылында аусымына 35 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау, Алғабас, Жаңабұлақ емханаларын күрделі жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ 9 медицина мекемесін табиғи газбен жылыту үшін жобалау-сметалық құжаттарын жасақтауға облыстық бюджеттен 4,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Біртіндеп кадр мәселесі де шешімін табуда. Өткен жылы төрт дәрігер баспанамен қамтамасыз етілсе, тағы үшеуіне ауылдық округте үй әзір тұр. Медициналық оқу орындарында 40-қа жуық аудан түлектері оқуда. Жақында ауылға келген жас мамандарға тұрғын үй салу үшін несие алу, оларға материалдық көмек көрсету мәселесін шешетін заң қабылданғандықтан, бұл мәселені түпкілікті шешуге мүмкіндік көбеймек.
Соңғы жаңалықтар