Ақжайықта ақын, журналист Т.Жазықбайдың 60 жасы атап өтілді
ОРАЛ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданында өңірге танымал ақын, журналист Тілес Жазықбайдың 60 жасы атап өтілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева арнайы қатысты.
Кеште Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев мерейтой иесінің шығармашылығы жөнінде баяндама жасады. Аудандық мәлихаттың екі шақырылымына депутат Тілес Жазықбайды аудандық мәслихат хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев құттықтап, еңбегіне табыс тіледі. Белгілі ақын Ақұштап Бақытгереева, «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Есенжол Қыстаубаев, құрбы-құрдастары, шәкірттерінің лебізі жиналғандардың мерекелік көңіл-хошын еселей түсті.
Жыр тойында, журналиске құрмет мерекесінде аудан әкімі Нариман Төреғалиев өмірде талтүс жасын қарсылаған Тілес Жазықбайдың иығына шапан жауып, жары Райсаға камзол сыйлады.