18:24, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақжайықта балалар туризмі жылы жарияланды
ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында 2009 балалар туризмі жылы болып жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай ауданда ауқымды іс-шаралар жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жыл басынан бері фестиваль, семинар-оқулар ұйымдастырылды. Түрлі үйірмелер де жұмыс жасайды.
Өткен жыл қорытындысымен осындай мекемелер арасындағы рейтинг бойынша бірінші орында тұрған аудандық туризм және экология орталығы биыл жұмысын одан сайын ширата түспек.