Ақжайықта жергілікті басшы Т.Бөлеев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

ОРАЛ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері, көп жыл Қаратөбе, Чапаев аудандарында бірінші хатшы, Жаңақала ауданында ауатком төрағасы қызметін атқарған, Ақжайық, Қаратөбе аудандарының құрметті азаматы
None
None

Тілекқабыл Бөлеевтің Чапаев ауылындағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Аудан әкімі Нариман Төреғалиевтің атап өткеніндей, үш үлкен ауданның тізгінін ұстап, кейінгі жастарға еңбек өнегесін қалдырған оның қасиеті де кез келген жанның бойынан табыла бермесі анық. Адамның өмірі ұзақтығымен емес, мазмұнымен өлшенеді.

Ел азаматы Тілекқабыл Бөлеевтің 75 жылдығына орай өткізілген шара аудандық «Мерей» мәдени орталығында жалғасты. Фойеде ардагер өміріне арналған «Жаңғырар жарқын есім» тақырыбында көрме және өнегелі өмір жолынан түсірілген бейнетаспа көрсетілді. Аудандық мәслихат хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев Т.Бөлеевтің өмірбаянын айтып берсе, замандастары естеліктерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар