18:22, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
«Ақжол» партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат науқанына кірісуге дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжол» партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат науқанына кірісуге дайын. Бұл туралы бүгін «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.

«Ақжол» партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат науқанына кірісуге дайын. Аталмыш науқанға арналған агитациялық материалдарымызды басып шығардық. Бүгіннен бастап, әрбір аймақтар пен жергілікті жерлердегі штабтарымызға тарататын боламыз. Ол материалдардың ішінде партия атынан депутаттыққа үміткерлердің суреттері басылған плакаттарымыз, сайлауалды бағдаарламамыз, «Ақжол» партиясының орнаменттері басылған үгіт-насихат топтарының сыртқы киімі бар», - деп атап өтті ол партияның орталық аппаратында өткен брифингте.
Оның айтуынша, материалдардың жартысы Алматыда, жартысы Астанада жасалып, өңірлерге жіберілді. Енді 20 ақпаннан бастап, заңды түрде агитациялық жұмысты бастауды жоспарлап отыр.