Ақжүрек Таңатаров Әлем чемпионатының «қоласын» еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесіне дейінгі қазақстандық спортшы Ақжүрек Таңатаров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz .

Ол түрік палуаны Якуп Гораны 4:2 есебімен ұтты. «Қоланы» сондай-ақ жапондық Юха Фуджинами иеленді.

Осы салмақ санатында италиялық Франк Чамисо Маркес жеңімпаз атанса, күміс медальды америкалық Джеймс Малкольм Грин алды. 

Соңғы жаңалықтар